Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майкл Джорданның жанкүйері бір ай бойы оның картон көшірмесін өзімен бірге алып жүрген (фото)

20 жастағы Нью-Йорк тұрғыны Ирен Ляо (Irene Liao) баскетболшы Майкл Джорданға ес-түссіз ғашық. Оның спортшыға деген махаббатының шынайылығы соншалық, бойжеткен оқушы кезінде оның картоннан жасалған көшірмесін бір айға жуық өзімен бірге алып жүрген.

pic_fdc964e48a7f102adef5636699760fbc

Баскетболшының картонды мүсіні оның тұла-бойын қамтыған.

Ал Джордан қатысқан ойындарды үзбей көретін қыз оған ғашық болып қалған. Бір күні ата-анасымен дүкенге кірген қыз өз кумирінің үлкен макетін көріп қалған. Дүкен қызметкерлері қызға аталмыш туындыны алып кетуге рұқсат берген, деп жазады BuzzFeed.

Ирен бір ай бойы қайда барса да, өзімен бірге картонды Джорданды алып жүріпті. Бойжеткен кумирінің әркез жанында болуын қалаған, тіпті, күйсандық сабағына «Джорданды» кіргізуді талап еткен. Айтуынша, оның бұл табысына сыныптасары қызғанышпен қараған.

Screenshot_5

Ляоның бұл хикаясын сан мыңдаған адам қызықтап оқыды. Небәрі төрт күннің ішінде оның желідегі жазбасын 80 мыңнан аса адам ұнатқан. Одан бөлек 40 мыңға жуық блогер бойжеткеннің аталмыш жазбасымен бөліскен.

Screenshot_2

 

Screenshot_3

Screenshot_1

Жіберіп алмаңыз: 

Лондонға оқуға аттанған америкалық анасына өзінің картон көшірмесін тастап кеткен

Головкин жекпе-жекке Джордан брендінің аяқ киімін киіп шықпақ (видео)

Брэд Питтке қатысты балаларына қатігездікпен қарағаны үшін іс қозғалды

БАҚ: Брэд Питті қызғанған Джоли түсірілім алаңына ұмтылатын (фото)

Талқылау