Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майкл Джексонның қызы әкесінің құрметіне татуировка салдырды

Майкл Джексонның қызы Лос-Анджелестегі салондардың біріне татуировка жасатты. Ол бұл әрекетін әкесінің құрметіне жасағанын айтқан.

гггл

Сурет Инстаграм

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Пэристің қолындағы татуировкада “менің жүрегімнің королі” деп, Майкл Джексонның жазу стилі бойынша түсірілген. “Барлығы үшін ол поп-музыканың королі, ал мен үшін жүрегімнің королі”, – дейді қызы әлеуметтік желідегі жазбасында.

Әйгілі музыкант қызы 11 жасқа толғанда қайтыс болды. Пэрис Джексон – үш баланың бірі. Одан бөлек Принс Майкл және Принс Майкл II атты екі ұлы бар.

Майкл Джексон 2009 жылы 25 маусымда 50 жасында қайтыс болды. Оның өлімінің нақты себебі белгісіз, дегенмен де дәрінің шектен тыс қолданған деген нұсқа бар.

Талқылау