Майкл Джексон туралы сіз білмейтін 10 дерек (фото)
Бүгін, 29 тамыз жанкүйерлер поп-музыка патшасы Майкл Джексонның туған күнін атап өтуде. Музыканттың өзі өмірде болмаса да, фанаттар жыл сайын бұл күні Джексонды еске алып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Осы орайда Майкл Джексон туралы сіз білмейтін 10 түрлі дерек ұсынамыз.
Бала күнінде Майкл әпкесінің төсегіне өрмекші салып жібергенді ұнататын.
Джексон өзінің алғашқы альбомындағы даусын «Микки Маусқа ұқсайды» деп бағалаған.
Джексон The Three Stooges комедиялық тобының фанаты болған.
Майкл Джексон – Оңтүстік Каролина елі әнұранының авторларының бірі.
1984 жылы Джексон сегіз “Грэмми” сыйлығын жеңіп алып, бір жылда ең көп сыйлық алған адам ретінде рекорд орнатқан.
Майкл Джексон Лиза Мария Преслимен бар-жоғы 19 ай некеде болған.
1985 жылы Джексон Beatles каталогына жарияланым жасау құқығына ие болу үшін 47 миллион доллар төлеп, 1995 жылы өзінің Sony-дағы үлесін 95 миллион долларға сатып жіберді.
Джексон мексикалық тағам түрлерін қатты жақсы көретін.
Джексонның сүйікті супер-қаҺарманы — X-Men-дегі Морф.
Маколей Калкин Джексонның екі баласының өкіл әкесі болып табылады.
Жіберіп алмаңыз:
Ләйлә Сұлтанқызы “Ninety one” фильміне қатысты пікір білдірді
Ернар Айдардың үйлену тойы Таразда дүркіреп өтті (фото,видео)
Ғажап өмірім: Серік Ибрагимов үйленгеннің пайдасын клип арқылы жеткізді (видео)
АҚШ-тан келген Димаштың жанкүйері қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрмен таныспақ ниетте