Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәйітпен селфи жасаған 15 жасар қос құрбы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Англиядағы Лидс қаласының соты 15 жастағы екі жасөспірім қызға 39 жастағы әйелді азаптап өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

20120223_10_15_00919

Сурет: total.kz 

2014 жылғы желтоқсанда Англияның солтүстік-батысындағы Хартлпул қаласында полиция өз үйінен Анджела Райтсонның мүрдесін тапты.

Оның денесіне жүздеген түрлі жарақаттар салынған, оның 80-ге жуығы марқұмның бет-жүзінде болған, күдікті ретінде екі жас қыз ұсталды.

Атап өтілгендей, қаза тапқан әйел ішімдікке салынған. Кейде жасөспірімдерге ішімдік сатып алып беретін де болған, бірақ оны білетін адамдар әйелдің момын адам болғанын айтады.

Полицияның дерегінше, жасөспірім қыздар оны өлтірген кезде мас болған. Олар ұрып-соғу кезінде 14 түрлі затты пайдаланған. Оның ішінде күрек пен принтер де бар.

Отырыс барысындасот төрешісі Анжела Райтсонды бірнеше сағат бойы ұрып-соққанын мәлімдеді. Олар тіпті құрбандарымен селфи де жасаған.

Талқылау