Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәйіті табылған әйелдің жақындары оқиғаның өз нұсқасын айтып берді

15 ақпан күні үйден кеткен 19 жастағы Татьяна Бекованың достары оның өзіне қол жұмсауына сол уақыттағы жағдайы әсер еткенін меңзейді. Қыздың бұрынғы жігіті оның үй-ішімен қарым-қатынасы дұрыс болмауы мүмкін екенін айтты.

image

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Күні кеше 19 жастағы Өскемен тұрғынының өлі денесі КШТ ауданында табылды. Оны екі апта бойы полиция қызметкерлері, туысқандары мен волонтерлер бірігіп іздеген болатын. Полиция қызметкерлері мәйіттің жанынан дәрі-дәрмектердің қорабын тапқан.

Әлеуметтік желілерде қыздың таныстары оның бұлай жасауына не түрткі болғанын өздерінше пайымдап жатыр. Бірі сүйіктісімен қарым-қатынасы әсер етті десе, енді бірі үй-іші мен оқуындағы қиындықтарды меңзеді. Кейбір тұрғын қызды өлтіріп, өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуі мүмкін екенін де айтқан.

“Таня өмірге құштар жан болатын. Ол жапон мәдениеті мен анимеге қатты қызығатын. Аспанда қалықтап жүретін шығармашылық адамы болған десем артық айтпаймын. Бірақ күйзеліске түсіп қиналған емес. Бір кездері біз қыз-жігіт болып жүрдік. Менің білуімше, менен кейін ол ешкіммен жүрмеді. Біз айырылысып кетсек те, бұрынғыдай жақын араласатын едік”, – дейді бұрынғы жігіті әрі курстасы Евгений. Бұл жігіт Татьянаны соңғы рет жоғалған күні көрген.

Ары қарай “Біз колледжде жүрдік. Таня ақпараттық жүйелер өзіне жат болғандықтан, құжатын алуға келгенін айтты. Мен қайтып келетіні туралы сұрадым. Ол “білмеймін, мүмкін” деп жауап берді. Бірақ қайтып келмеді”, – деді бұрынғы сүйіктісі.

Группаласының сөзіне сенсек, қыз оқудың қиындығы туралы тек кейде айтқан. Ал басқа қиындықтары туралы мүлде тіс жармаған.

“Таняның отбасы үлкен. Ол бес баланың ортаншысы. Әрине, үйінде көп жұмыс істеп, өзіне кіші бауырларына қарауына тура келді. Басқа отбасылардағыдай қиындықтар болғаны рас. Бірақ ол ешуақытта үйден кетіп қалып, біржолата қашу туралы ойламаған”, – деп группаласы Евгений тек жақсы тұстарын есіне алды.

Полиция қызметкерлері дәл қазір қызды суицидке жеткізу нұсқасын тексеріп жатыр. Ал жақындары бұл нұсқаға сенімсіздікпен қарауда.

“Таня батылмінезді қыз болатын. Оны мұндай жағдайға біреудің жеткізуі мүмкін емес сияқты”, – дейді Есгений.

19 жастағы қызға не болғанын анықтау тергеушілер органдарының еншісінде.

Талқылау