Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиевтің жары: Дүңгіршекте нан сатып отырып Сәкен ертерек атақты әнші болса екен деп армандайтынмын

Бүгінде жұлдызды өмірге асығып, тез танылудың жолын іздейтін жастарға Сәкен Майғазиевтің айтар ақылы бар. Ал, жетістікке жетіп, танымалдылыққа ие болған «Музарт» тобының әншісіне дәл осы тектес сауалдар жиі жолданады екен. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Сәкен мен жұбайы Динара бар сырын ақтаруға әзір.

Сәкен Майғазиевтің сөзінше әр нәрсенің еңбекпен келетінін бүгінгі жастар санасына сіңірсе дейді. Әнші алғаш Алматыға келген сәтте, Марат Омаровтың жанында жүріп, тәжірибе жинағанын айтады.

«Алматыға 1992-ші жылы келдім. Сонда Марат Омаров ағамыздың бір жылдай қасында жүрдім. Сол кезде Марат ағама қарап қызығатынмын. Шіркін-ай, осы кісі сияқты мына телеарнадан шығып, ана радиоға кіріп, радиодан шығып, мында барып қолым босамай жүретін кезім бола ма екен деп армандайтынмын», – дейді «Музарттың» әншісі

Атағы дүркіреп тұрған сазгер Омаров «Музарттық» әншіге  қол ұшын беруден аянып қалмаған. Марат мырзаның көмекшісі қызметін атқарған Сәкен бірнеше жылдан кейін республикалық ән додаларына қатыса бастайды.

«Мен 1997-ші жылы «Жас қанат» байқауына қатыстым. Ол кезде Құрмаш Маханов, Гаухар Қаспақова да қатысқан болатын. Көптеген танымал әншілермен бірге қатыстым, бақыттымын сол кездегі сен тұр, мен атайын деген өнерпаздар қатысқаныма. Бірақ, «Көрермен көзайым» деген атқа ие болдым. Содан кейін сол жылы үйлендік», – дейді Сәкен Майғазиев.

Әнші Құрмаштың танымалдылығы аспандап тұрған тұста, Сәкен мен Динара шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірдің тауқыметін тартады. Тіпті, жас жұбайлар шағын дүңгіршекте нан сатқан. «Жас қанат» байқауында бірге бақ сынаған Құрмаш Махановтың нағыз жұлдызды шағы болса керек, жанұясын асырауға белсене кіріскен Майғазиев өзін талай мәрте жайсыз сезінген.

«Әлі күнге дейін есімде «Жас қанатқа» қатысып, Құрмаш Маханов ол кезде атақты әнші болатын. Концерттік кастюмін көтеріп кетіп бара жататын. Сәкен менімен бірге дүңгіршекте отыратын. Сол кезде Сәкен қысылып, ұялатын. Сол кісіге қызығып отыратынбыз. Сәкенде қашан осылай жүреді екен, концерттерге асығып қашан осылай кетіп бара жатады екен деп армандайтынбыз», – дейді Сәкеннің жұбайы Динара.

Сондай-ақ, 22 жасында отағасы атанған Сәкен жұбайы мен ұлы үшін кірпіш зауытында жұмыс істеген, мейрамханада ән салып, күзетшінің қызметін атқарған сәттерді ешқашан естен шығармайды. Бүгінде Майғазиев әйгілі әнші атанса да, Аллаға сансыз шүкірліктер айтып, өткен өмірін ұмытпақ емес.

Оқи отырыңыз:

Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)

«Меломен» тобы: Жетім-жесірлерді азайту үшін тоқал алуға болады

Әли Оқапов Ақбота Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайында бар шындықты айтты

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Мемлекеттік Туды терезеге іліп қойған қызылордалық азаматқа жарты миллион теңге айыппұл салынды

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау