Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиев көпбалалы отбасыға бір айлық азық-түлік апарды (фото)

Әнші Сәкен Майғазиев “Отыз күнге отыз ізгі амал” жобасының аясында көпбалалы отбасыға көмек қолын созды. Ол бір айлық азық-түлік пен киім-кешек алып барып берді.

image

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Рамазан айында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету үшін “Отыз күнге отыз ізгі амал” жобасы жүзеге асқан-ды. Аталған жоба аясында Сәкен Майғазиев әлеуметтік жағдайы төмен 4 балалы отбасыға қуаныш сыйлады. Бір айға жететін азық-түлік пен киім-кешектерін апарып берді.

Көпбалалы ана Жанар ханым ДЦП дертіне шалдыққан ұлына арнайы жаттықтыруына арналған көлік алғысы келіп жүрген екен. Мұны естіген әнші жомарттық танытып, сол жерде көлік алуға қажетті қаражатты да табыстаған.

13385604_1779543862283293_166723242_n

Фото: instagram.com/sadaka.kz/

“Сауаптар еселенетін қасиетті айда жақсылықта жарысып, сауап теруге асыққан Сәкен ағамызға Алла разы болсын”, – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің әрекетін құп көрді. Мұнымен қатар, оның әрдайым қайырымдылық шараларына қатысатындығын тілге тиек етті.


Жіберіп алмаңыздар:

Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышын бөлісті (фото)

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Әнші Сәкен Майғазиев әйелдер колониясындағы өмірмен танысып қайтты (видео)

“МұзАрт” тобы ақтөбеліктердің көңілін аулау үшін тегін концерт берді (фото, видео)

Талқылау