Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

141 теңгенің көмірін ұрлаған тұрғынның соты болды

Май ауданында келі көмір ұрлап, 141 теңгеге шығын келтірген азаматтың соты болды.

01

Май аудандық соты болмашы шығын келтірген қылмыстық істі қарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жергілікті тұрғын Жалтыр орта мектебінің қазандығынан 50 келі көмір ұрлап, 141 теңге шығын келтірген екен. Артынан ауыл тұрғынынан қалған көмірдің 30 келісі алынған.

Сот отырысында айыпталушы Бүгенбаев ұрлық жасау фактісін жоққа шығармай, өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ сот алдында екі жақ тараптың татуласуына байланысты өтініш білдірді.

Нәтижесінде ол ҚР ҚК-нің 187-бабы, 1-бөлігі – «ұсақ ұрлық» бойынша кінәлі деп табылды. Алайда екі жақтың татуласуына байланысты жауапкершіліктен босатылды. ,

Талқылау