Мәулен Әшімбаев: Сәләфизм – бұл идеология, оған жайдан жай тыйым сала алмайсың

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 18:29

Парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевтың ойынша, сәләфизмге тыйым салу арқылы одан құтылу мүмкін емес. Онымен идеологиялық насихат жұмыстары арқылы күресу керек.

maxresdefault

Сол себепті сәләфизмге тыйым салу тетіктерін әлі де қарастыру қажет, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сәләфизм – бұл идеология. Оған жайдан жай тыйым сала алмайсың. Қоғамдық ұйым болса, жауып тастауға болатын еді. Ал идеологияға біз қалайша тыйым саламыз? Әрине, қандай да бір шешімдерді қабылдауға болады. Алайда идеологиямен күресудің ең тиімді жолы ол – оған қарсы басқа идеологияны қою. Біз оған қарсы өз идеологиямызды қарсы қоюымыз қажет. Біздің идеологиямыз – Ханафи мазхабы идеологиясы, толеранттылық идеологиясы, мәдениаралық диалог идеологиясы. Міне, біз осы тұрғыда күрес шараларын жүргізуіміз керек», – деді Мәулен Әшімбаев.

Депутаттың айтуынша, елімізде лаңкестік әрекеттердің жиілеп кетуіне тек Ішкі істер минстрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура органдары ғана жауапты деп ойлауға болмайды.

«Иә, аталған күш құрылымдар ондай әрекеттерге жол бермеуі керек. Дегенмен, жауапкершіліктің жүгі бүкіл қазақстандық қоғамға түсіп отыр. Соның ішінде азаматтық қоғам институттары, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар және тағысын тағы. Бұл дегеніміз, біз бәріміз сол қауіп-қатерлердің алдын алуын ойлауымыз қажет. Өз идеологиямызды күшейтуіміз керек», – деп атап көрсетті халық қалауылысы.

Айта кетейік, күзде депутаттар діни бірлестіктердің қызметін реттеуге арналған заң жобасын қарауды жоспарлап отыр. Теолог Досай Кенжетайдың сөзіне қарағанда, сәләфизмге тыйым салынса, елімізде қантөгістер болуы әбден мүмкін.

Дегенмен, Қазақстанның күш құрылымдары осы бастамаға дайын болса, аталған ағымға ешбір қиындықсыз тыйым салуға болады.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер – отпен ойнап жүр!

Теолог: Сәләфизмге тыйым салғаннан кейін наразылықтар, тіпті қантөгістер болуы мүмкін

Дінтанушы жастарды салафизмге Сауд Арабиясы ғалымдары шақыратынын айтып дабыл қақты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Надан екен мынауын. Шейх Усеймин 1; намаз окымаитындар кафир болатындар олар сауд арабиясында туратындарга аитты. 2; салафизм ол дастурге карсы емес если дастур динге карсы болмаса 3; египетте билик басына келгендер салафиттер емес икуани-муслимин жамагаты. Бул киси екеи адамнын бири ол надан не болмаса каззап

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар