Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәулен Әшімбаев артық жиналған қол туралы: Мұндай мақсат қоймадық

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Мәулен Әшімбаев көп қол жинау мақсат болмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Мәулен Әшімбаев

«Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды. Мен оның сенімді өкілімін. Маған ОСК арнайы куәлікті табыстады. ҚР президенті осы күндері іссапарда жүргендіктен, өзі келе алмады. Бүгінгі отырысқа қатысуды маған тапсырған соң отырысқа қатыстым. Тиісті құжаттардың барлығы жиналып, ОСК-ға тапсырылды.

Заңда көрсетілген шаралар атқарылып, 315 мың қол жиналғаны айтылды. Бұл қажет көлемнен әлдеқайда көп екенін білесіздер. Барлық шара жүзеге асырылып, Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін ҚР президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркелді. Бүгінгі шешімнен кейін Тоқаевтың қоғамдық республикалық штабы құрылады. Кандидатымыз осы штабты басқаруды маған тапсырды», - деді Әшімбаев. 

Журналистер кандидаттың сенімді өкілінен неліктен 300 мың қолдан да көп жинамау себебін сұрады.

«Заң талабы бойынша кандидат ресми түрде тіркелуі үшін 118 мың адам қолын қоюы керек. Біз Қазақстанның барлық өңірінен 315 мың қол жинадық. Бұл жұмысқа Тоқаевтың бірнеше мың сенімді өкілі тіркеліп, осы жұмыстың бас-аяғында жүрді. Неге бұдан да көп емес деген сұраққа келер болсақ, кандидатымыз ондай мақсат қоймады.

Ондай мақсаттың керегі де жоқ шығар. Заңда көрсетілген талаптан бірнеше есе қол жинау тіркеуге әбден жеткілікті. Екінші жағынан, осыншама қазақстандықтардың қол қойғанынан кандидаттың сайлауға қатысуын халық қолдап отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан осындай шешім қабылданды. Барлық құжат, барлық шара толықтай заң аясында жүзеге асырылды», - деп жауап берді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр