Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Матчтың есебіне келіскендердің футбол функционерлері екені расталды

Келісілген матчтарға қатысты жазба үлкен жанжалға себеп болғалы тұр. Бірқатар футбол жанкүйерлері ғаламторда тараған атышулы аудиожазбаға арнайы сараптама жасатып, ақша туралы ашық айтқан дауыс иелерінің футбол функционерлері екенін растапты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

006

Таспада 13-ші тамыздағы «Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының ойыны талқыланған. Шымкенттік клубтың бас жаттықтырушысы Бақтияр Байсейітов делінген дауыс иесі «Ақтөбенің» директоры Дмитрий Васильевтен матчтың неге келісілген есеппен аяқталмағанын сұрап, доқ көрсетіп отыр. Бірақ аты аталған екі азамат та өздеріне шаң жуытқан жоқ.

20 күн бұрын Ақтөбеде болған «Ақтөбе»-«Ордабасы» ойыны ел арасында әлі қызу талқыланып жатыр. Оған ғаламторда «Қазақстан футболындағы былық» деген атаумен тарап кеткен аудиожазба себеп. Онда алдын-ала келісілген ойын туралы ашық айтылыпты.

Келісім бойынша «Ақтөбе» «Ордабасыдан» әдейі ұтылуы тиіс болған. Ал жазбадағы дауыстар «Ордабасының» бас жаттықтырушысы Бақтияр Байсейітов пен «Ақтөбе» клубының директоры Дмитрий Васильевтікі делініпті. Мұның анығын білу үшін қоғамдық белсенділер сараптама да жасатқан.

«М1, М2, М3 деген адамның дауысы болды. М3 деген тек 1-2 жерінде ғана сыбырлап қана сөйлегені болды. М1-ді біз тексере алмадық. М2 жаңағы Байсейітов болып шықты. Жаңағы дауыстың анализі бойынша», – дейді қоғам белсендісі Айдын Қожахметов.

Яғни, қорытынды бойынша жазбада қыруар ақшадан қағылғанын айтып жатқан Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті әрі «Ордабасының» бас жаттықтырушысы екені расталған. Бір қызығы, әңгімені телефонмен сөйлесіп отырған екі адамның бірі жазып алыпты.

«Сараптама нәтижесіне сәйкес, телефон әңгімесін дауысы басымырақ азамат диктофонға жазып алған. Оның бұл үшін алдын-ала дайындалғаны байқалады. Себебі, ғимаратты шулы заттардан тазартқан және телефонды қатты дауысқа қойып сөйлескен», – дейді қоғамдық белсенді Құттыбек Ысқақов.

Бірақ аты аталған футболдың екі шенеунігі де өздеріне шаң жуытқан жоқ. Бүгінгі жиынға аяқасты келген Васильев мұны әдейі қазылған ор деп отыр.

«Бұл монтаждалған аудиожазба. Оларға Байсейітов екеуміз керек те емеспіз. Бар мақсаттары –  Қазақстан футбол федерациясының президентіне күйе жағу. Аудиожазбадағы әңгіме болған емес. Ол менің дауысым емес», – дейді «Ақтөбе» футбол клубының атқарушы директоры Дмитрий Васильев.

Айта кетсек, қазір Васильевке қатысты қызметін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ «Ақтөбе» клубының директоры жазбадағы өзінікі делінген дауысты зерттеуге сол күйі келісім бермепті. Соған қарағанда, өзіне сенімсіз болса керек. Ал Байсейітовке қатысты қандай шара қолданылып жатқаны әзірге белгісіз. Егер матчтардың алдын-ала келісілгені расталса, Қазақстан футболын үлкен жанжал күтіп тұр. Федерацияны бастан-аяқ тексеруді футбол жанкүйерлері де талап етуде.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш аудиожазбаны Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаев жариялаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан футболында ең қымбат ойыншы пайда болды

Юрий Красножан Қазақстан футбол құрамасының тренерлігінен кететін болды

Ертең футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстанға қарсы ойнайды

Қазақстан құрамасы шағын футболдан әуесқойлар арасында Европа чемпионы атанды (видео)

Талқылау