Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Матч кезінде бәліш жеген қақпашы жұмысынан қуылды

 

Бұл оқиға ағылшын чемпионатының бесінші лигасында болған.«Саттон Юнайтед»  ағылшын футбол клубының  қақпашысы «Арсеналмен» кубоктық матч кезінде бәліш жеген, – деп хабарлайды Би-Би-Си.

қақпашы

Ойын басталмай тұрып, букмекерлер салмағы 125 келі болатын  қақпашы Уэйн Шоудың матч кезінде бәліш жейтін, жемейтіндігіне қатысты бәс тіккен. Ставкалар айтарлықтай ірі коэфицентпен қабылданған (сегізге бір).

Матч соңында трансляция режиссері қосымша ойыншыларға арналған орындықта бәліш жеп отырған 46 жастағы Шоуды көрсетті.  Осы оқиғадан кейін букмекершілердің бәсі жайында  қақпашының алдын ала білгенірасталды.

Бұл оқиға бәс тігуді тергеу комиссиясы және Англия футбол қауымдастығының назарына ілікті. Қақпашы айыппұл төлеп әрі  жұмыстан да айдалуы  мүмкін. Шоудың өзі ешқандай да  бәс тіккен жоқпын деп сендіруге барын салып жатыр. Оның айтуынша, шынымен қарны ашқан соң ғана бәліш жеген, әрі бұл әрекетін қызық болады деп ойлаған. Енді сол бәліштің кесірінен қақпашы жұмыстан кетуге мәжбүр. «Саттон Юнайтед» басшылығы қосымша қақпашыны жұмыстан босату туралы өтініш жазғанын және оның қанағаттандырылғанын растаған.

Оқи отырыңыз:

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Қанат Ислам бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

 

 

 

Талқылау