Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Матаевтың адвокаты қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға өтініш бермек

Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевтың қорғаушысы олардың ісі бойынша ешқандай құқық бұзушылықты ңорын алмағанын айтты. Қазақстан журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты адвокат қайта өтініш беруге ниетті.

11111661

Сурет РИА Новости

Сейітқазы Матаевты 2016 жылдың 22 ақпанында бюджет қаржысына қол салды және салық төлеуден жалтарды деген айыппен Алматы қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті ұстаған болатын. 24-ші ақпанда сот тергеу жүргізуге үкім беріп, Матаевты үй қамаққа отырғызған.

“Бүгінгі күні біз Сейітқазы Бейсенғазыұлы Матаев және Әсет Сейітқазыұлы Матаевтардың әрекеттерінде қылмыстық заң бұзушылыққа жататын іс-әрекет орын алды деп ойламаймыз. Қазір біз оларға қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға өтініш бергелі жатырмыз”, – дейді дүйсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Матаевтардың қорғаушысы Андрей Петров.

Оның мәліметінше, қазіргі таңда олардың бухгалтерлік құжаттарының көшірмелері тексеріліп жатыр екен. Ал бұған дейін Сейітқазы Матаевтың қан қысымы көтеріліп ауруханаға түскені де хабарланған еді.  Ол өзіне тағылған айыптардың барлығын жала деп, ешқайсысын мойындаған жоқ.

“Қылмыстық іс қозғалғалы бері үнемі біздің тауымыз шағылып келеді. Қандай да бір өтініштерімізге үнемі қарсылық білдіріледі. Ешкім бізді әлі күнге дұрыс тыңдаған емес”, – дейді адвокат.

13 наурыз күні қылмыстық іс бойынша зерттеу жұмыстары аяқталғанына қарамастан, адвокат зерттеудің тағы да созылғаны туралы ақпаратты алмаған.

Бұдан бұрын, коррупцияға қарсы қызмет Матаев 300 миллион теңгені қалтасына басты деп айып таққан. Сондай-ақ, оның мойнына салықтан жалтаруы себепті 327 миллион теңгені мемлекет қазынасына бермеген де күдік артылып отыр.

 

Талқылау