Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Массажист әйгілі актер Джон Траволтаны сексуалды зорлық көрсетті деп айыптады

63 жастағы Голливуд жұлдызы Джон Траволта массажистке сексуалдық зорлық көрсетті деп айыпталуда. Бірер күн бұрын қонақүй қызметкері 2000 жылдары әлемге әйгілі актерден зәбір көргенін айтып, полицияға шағым түсірген.

Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Траволта эротикалық массаж жасап беруімді сұрады, кейін өзінің гомосексуалды қиялы туралы айта бастады”, – дейді жәбірленуші.

“Екеуміз оңаша қалғанда ол орамалын алып тастап, маған массаж жасауға ұсыныс жасады. Бұдан кейін Траволта менің ұятты жерімнен ұстай бастады. Ыңғайсызданып, кетіп қалдым. Траволта қалуымды өтінген еді”, – дейді массажист.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын Лос-Анджелестегі Beverly Hills Hotel қонақүйінің бірнеше қызметкері Траволтадан сексуалдық қысым көргендерін айтқан еді.

Актер қорғаушысының айтуынша, өздерін жәбірленуші деп таныстырған жандардың бар көксегені ақша. Адвокат олардың Траволтаға жала жауып отырғанына сенімді.

Ал Траволтаның өзі 26 жылдан бері актриса Келли Престонмен некеде тұрады. Жұбайлардың бір ұлы мен бір қызы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ninety one тобының әні түрік чартында көш бастады (фото, видео)

Қайрат Нұртас: Балаларымды көру үшін тағы 10 жыл күтесіңдер

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Ақботаны сүйемін: Жұрттың сынынан шаршаған Айдарқұлов бар шындықты жайып салды

Талқылау