Мәслихат депутаты зорланған баланың оқиғасына “Селтановтар отбасының” қатысы жөнінде пікір білдірді

Зорланған баланың дауы басталғалы әлеуметтік желіде бұл істі жылы жабуға Селтановтар әулетінің қатысы бар деген жазбалар көп шыққан еді. Өйткені, оқиғаға қатысы бар мектептің директоры, баланы алғаш қараған емхана урологы, облыстық ішкі істер департаментінің лауазымды қызметкері осы әулеттен деп, олардың бәрі бір тізімде аталған. Тіпті, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Сапаралы Селтанов та осы тізімге енген.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айта кету керек, әулеттің келіні Бейбіткүл Селтанова –  Абайдағы № 74-ші Жүсіп Баласағұн атындағы мектеп директоры. Әулеттің үлкені Сапарәлі Селтанов – Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты. Ерәлі Селтанов – Абайдағы ауруханада уролог-дәрігер, Бауыржан Селтанов – ОҚО ІІД Криминалды полиция басқармасы басшысы.

«Соттың шешімі шығып кінәлі десе ғана қаралаймыз. Болмаса жаптың жала жоқ. Жақтым күйе, жаптым жала деп, жұрттың барлығын қаралай беруге болмайды ғой. Ал енді Селтанов баласы мен келіні елуге келді ғой жасы. Қалай ол уролог болмау керек. Қырық бестегі адам қалай полиция болмауы керек. Болмайды деп, сондай адамдардың баласы істемеу керек десе, сондай заңға бағынайық. Мұның барлығы жала жауып отыр. Көреалмаушылық», – дейді Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Сапарәлі Селтанов.

Оқи отырыңыз:

7 жасар баланың отбасына қоқан лоқы көрсеткен

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар