Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Маскүнемдер оқ-дәрі жағып көрген: Павлодарда көпқабатты пәтерде болған жарылыстың себебі аталды

Павлодарда қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыстың себептері аталды. Екі адам жарақат алып, бір адам көз жұмған жарылысқа бірінші қабаттағы пәтерде болған оқ-дәрі, яғни жарылғыш заттектің жарылуы себеп болып отыр. Анықталғандай, пәтерде бір келіден астам оқ-дәрі жарылған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Маскүнемдер оқ-дәрі жағып көрген: Павлодарда көпқабатты пәтерде болған жарылыстың себебі аталды

Полиция қызметкерлері анықтағандай, маскүнемдер қоқыс төгетін жерден ішінде жарылғыш зат бар алты зауыттық пакет тауып алып, соны сатып ақша табуды ойлаған. Бірақ, олар алдымен жарылғыш дәріні үйге әкеліп, жана ма, жанбай ба тексеріп көрмекші болған. Кеше Павлодардағы пәтерлердің бірінде орын алған жарылыс осы жарылғыш дәрінің жарылуынан болып отыр.

Еске сала кетсек, пәтерде болған жарылыстан 32 жастағы ер адам көз жұмып, үй иесі мен тағы бір жәбірленуші денелері күйіп, улы газға уланып аурухана жеткізілген болатын. 

«Алкогольді ішімдік ішкеннен кейін, олар қоқыстан тауып алған оқ-дәрі дымқыл ма, құрғақ па деп, тексеріп көрмекші болған. Сонда ашылған қаптаманың бір бөлігін аласа шкафқа шашқан. Демек, жағып көруге тырысқан, ал соның нәтижесінде оқдәрі де, жанындағы заттар да жанып кетіп отыр»,- дейді Павлодар облысы полиция басқармасының бастышысының орынбасары Юрий Колесников.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 6 наурызда Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, 1965 және 1992 жылдары туған екі әйел жарақат алып, 35 жастағы ер адам көз жұмған еді. Сондай-ақ,  кейіннен зардап шегушінің денесінің 50 пайызының күйіп қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр