Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуліктер Димашты құшақ жая қарсы алды (видео)

Димаш Құдайберген командасымен бірге Ресей астанасына ұшып келді. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзін құшақ жая қарсы алған фанаттарының видеосын жариялады, деп жазады Stan.kz.

Димаш Құдайберген

"Мен командаммен бірге Мәскеуге ұшып келдім. Мемлекеттік Кремль сарайында кездескенше. Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет, қымбаттыларым менің", - деп жазды Димаш желідегі парақшасында. 

 

Айта кетейік, қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлайтын күні Димаш Кремль сарайында концерт бермек. Алғашқыда 22 наурызға жоспарланған ән кеші билет тапшы болғандықтан, екі күнге жалғасатын болды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау