Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеулік орыс рулеткасын ойнап ауруханаға түсті

Мәскеулік жігіт достарымен орыс рулеткасын ойнаймын деп ауруханаға түсіп қалды. Абырой болғанда өз өмірін тәуекелге тіккен жігіт басына оқ тигенімен, тірі қалған.

рулетка

«Қазірге анықталған ақпарат бойынша жігіт өзінің 36 жастағы досына барған. Олар үйде отырып спиртті ішімдік ішеді. Аз уақыт өткеннен кейін травматикалық тапаншамен орыс рулеткасын ойнауға келіседі. Нәтижесіне басына оқ тиген азамат жедел ауруханаға жеткізілген»,-дейді агенттікке берген ақпаратында ІІМ қызметкері.

Қазір зардап шегушінің денсаулық жағдайын дәрігерлер тексеріп жатыр. Ал полиция  болған оқиға бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастап кеткен.

15 мамыр күні Орлде 43  жастағы азамат өз танысымен орыс рулеткасын ойнап, қайтыс болған еді. Тергеу кезінде анық болғандай бірінші мәрте шүріппе басылған кезде тапаншадан оқ атылмаған. Азаматтың өзі екінші рет басып көрген,-деп жазған InfoOrel.ru сайты.

Орыс рулеткасы ойыны  құмар ойындары қатарына жатады. Онда оғы дөңгеленіп тұратын тапаншада бір ғана оқты қалдырып,  оны жақсылап айналдырып жібереді. Кезегі келген адам келесінің басына тақап тұрып шүріппені басады. Бұл жерде оқ тиіп кетуі немесе бос шүріппе басылуы мүмкін.

Талқылау