Мәскеулік оқушы сыйлыққа порножұлдызбен бір ай бірге тұру мүмкіндігін ұтып алған

Сейсенбі, 23 Ақпан , 2016 17:57

16 жастағы жігіт осы күнге дейін компьютерлік ойындарды көп ойнаған. Онлайн ойын үшін жиі қару сатып та алған. Осындай ойындар жүктелген сайт ең көп тұтынушысы ретінде оған 23-ші ақпанға орай сыйлық жасаған. Сыйлық- ресейлік порножұлдызбен бір ай бойына бірге тұру мүмкіндігі.

80487b4bd76173a41098ddf7bc823ccd__660x

порноактриса Екатерина Макарова

Оқушының анасы бұндай сыйлықтан тіпті шошып кеткен. Оған қарап отырған Руслан жоқ, қайта бір ай уақытты қалай өткізетінін жоспарлап, дайындалып жүргенін айтады.

Руслан Щедрин онлай ойындарға қару саудалайтын сайттың 100 мыңыншы тұтынушысы болған. Ол басында мұндай сыйлыққа сенбегенін айтады, бірақ рас екені анықталған кезде қуаныштан жарыла жаздағанын жасыра алмайды. Оның достары қазір Русланға ұтыс үшін қызыға әрі қызғана қарайды екен.

«Мен оны көрдім. Барлығы ойымдағыдай. Порножұлдызбен кездесу сәтін асыға күтудемін»,-деген Руслан LifeNews-ке берген сұқбатында. Руслан мен порножұлдыз бір ай уақытты Мәскеудегі қонақ үйлердің бірінде өткізбек. Руслан қазірдің өзінде бір ай боына немен айналысатындарын жоспарлап қойғанын айтады. Мұражайға, киноға бармақ.

Бірақ, Русланның анасы оның ұтысына қапалы. Вера Щедрина баласы сабақты тастап кетеді деп алаңдайды. « Мен мұлде қарсымын, бала қазір емтиханға дайындалуы керек, сабағы бар. Қайдағы бір ай порнажұлдызбен қонақ үйде тұру?»,-деп ашуланған Вера Щедрина.

«Оданда 100 мыңды қолына ұстатсын. Сыйлық деген әрине жақсы, бірақ мынандай сыйлықты түсінбеймін. Бұндай сый жасау ұйымдастырушылардың басына қайдан, қалай келді екен»,-деп таң қалды 16 жастағы жігіттің анасы.

Анасы не айтса да Руслан сыйлықтан бас тартпайтынын айтып отыр.

Порножұлдыздың өзі бір ай бойына мектеп оқушысының айтқанынан шықпауға уәде етіп отыр.

«Алдымен біздер кездесіп, ортақ қызығушылығымыз жайлы біліп, жоспар түзуіміз керек. Жоспар екеуміздің де көңілімізден шығуы керек. Оқушыға қонақ үйде тұру ыңғайсыз болса, үйінде тұрсын. Қалауы білсін, өз қалауы бойынша шешім қабылдауға оның құқы бар»,-деген порножұлдыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар