Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуге барып баласын сатпақ болған келіншектің күйеуі ұлын өзіне алып кетті

Ресейде бауыр еті баласын сатпақ болған отандасымыз Юлия Щегловаға қатысты Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді. Дипломаттар тергеу абақтысына барып, мән-жаймен танысқан екен. Естеріңізге салсақ, қазақстандық азамат осыдан бір апта бұрын Мәскеуге келіп, 9 айлық ұлын әлдекімге саудаламақ болған. Бірақ бұл ойы іске аспай, қазір қамауда отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мәскеуге барып баласын сатпақ болған келіншектің күйеуі ұлын өзіне алып кетті

Енді оның оңай құтылуы екіталай. Ал саудаған түскен сәбиді ресейлік сақшылар әкесіне бере салған.

Ресейде қамауға алынған қазақстандық 33 жастағы келіншектің алдағы тағдыры не болары әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатқандықтан, ештеңе болжап айта алмаймыз дейді, еліміздің құзырлы орындары. Бірақ, дипломаттар тергеу абақтысына барып, баласынан безінген анаға консулдық-құқықтық көмек көрсеткен.

«Қазақстандық дипломаттар, олар 12-ші сәуір күні ұсталғанға, тергеу изоляторына барып келді. Азаматшамыз қамау жағдайы туралы ешқандай шағым білдірген жоқ», – дейді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Юлия Щеглова осыдан бір апта бұрын Мәскеуде тұтқындалды. Ол бұл сапарында 9 айлық ұлын әлдекімге сатпақ болған. Өтеуіне 20 мың доллар сұрапты. Тіпті, безбүйрек ана арам ойын өткен жылдың желтоқсан айынан іске асыруға кірісіп, әлеуметтік желі арқылы хабарлама таратқан екен. Ал, Юлияның бұрынғы енесі Марина Щеглова, дүйім жұртты дүрліктірген оқиғаға қатысты қысқа жауап қайырды.

«Баладан неге бас тартқанын білмеймін. Қалай болғанда да, немеремді көргім келеді. Рас айтамын», – дейді Юлия  Шеглованың енесі Марина Щеглова.

Юлия Щеглова күйеумен ажырасқандықтан осындай қадам жасады дейтіндер бар. Қиын-қыстау кезде жанынан табылғандар, оның босанған соң қатты күйзеліске түскенін айтады. Тіпті, қаржылық қиыншылық арам іске итермеледі деген болжам жасалуда. Ал, ресейлік сақшылар Мәскеуге аттанып, заңды әкесі екенін дәлелдеген Владимир Щегловқа баланы табыстапты.

Владимир Щеглов 9 айлық баласымен Алматыға аман-есен жетіпті. Ал, сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Ресейдегі елшіліктің қызметкерлері тергеу барысын жіті қадағалап, бақылауда ұстайтынын айтады. Бірақ, баласын саудаға салған қазақстандық азаматшаның жазадан құтылмасы анық. Себебі, оған адам саудалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқи отырыңыз:

Аш әрі жалаңаш: Алматыда полиция қызметкерлері апатты жағдайдағы үйден 3 жасар балаларды тауып алды (фото)

Қазақстандық мұғалімдер оқушыларының әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны жөнінде есеп беруге міндеттелді

Өскеменде әйел өзінен жыныстық қатынасқа түсуін талап еткен күйеуін өлтіріп тастады

Шымкентте мешітке намаз оқу үшін емес, ұрлық жасау үшін баратын 5 азамат ұсталды

Талқылау