Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеудің Қызыл алаңында киіз үй тігілді

“Жібек жолы-2016” автораллиінің өтуіне байланысты Мәскеудің Қызыл алаңында қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл суретін  тілші Маркс Бейсебаев өзінің Instagram парақшасында жариялады,-деп жазды Skifnews  сайты.

мәскеуууу

Көліктер жарыс жолына бүгін – 8 шілдеде шығады. Негізгі бағыт Ресейден басталады да, Қазақстан арқылы өтіп, Қытайда мәреге жетеді. Автопилоттар барлығы 9 мың шақырым жолды бағындыру керек. Жарыстың 15 кезеңінің 3-і Қазақстан арқылы өтеді. Атап айтқанда, қатысушылар Қостанай, Астана, Балқаш және Алматы қалаларын кесіп өтпек. 16 күнге созылатын ралли Бейжіңде аяқталады.

11 шілде күні автокеруен Қостанайға келіп жетуі тиіс. 14 шілдеде Алматыға келіп, одан әрі Қытай асады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Жібек жолы” әйгілі “Дакар” раллиінен тек атағы жағынан ғана қалып қоюы мүмкін. Ал, жарыстың сан-алуандығы және қашықтығы “Дакардан” еш кем емес дейді олар.

 

Талқылау