Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеудегі ұшақ апаты: Жолаушының апат кезінде ұшақ ішінен түсірген видеосы жарияланды

Мәскеудің “Шереметьево” әуежайында болған апаттың видеосы жарияланды. 

“Шереметьево” әуежайында болған апаттан 19 адам медициналық көмекке жүгінді. 5 адам ауруханаға жатқызылды. 41 адам қаза болды. 

Тергеу комитеті 41 адамның мерт болғанын жариялады. Бортта барлығы 78 адам болған. Жолаушының апат кезінде ұшақ ішінен түсірген видеосы жарияланды. Видеодан борт ішінде айқай-шу болғанын, салон түтінденіп жатқанын көруге болады.

Мурман облысы билігі үшкүндік аза тұту күнін жариялады. Қаза болғандардың отбасына миллион рубльден өтемақы төлейтінін, ал ауруханадағыларға 500 мың рубль төлейтінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр