Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеудегі Перу елшісі өзінің исламды қабылдағанын жариялады

Ресей Федерациясындағы Перу елшісінің көмекшісі Хорхе Лазо дүйім жұрттың көзінше өзінің исламды қабылдағанын жариялады.

kZ62BHCV6rMKwyrB-lg

Бұл туралы islam.kz хабарлады.

Бұл жағдай Марат Қабай бастаған халықаралық ислам бизнесі ұйымдастырған ауызашар кезінде, яғни, “Рамазан шатырында” орын алды.

“Мен қасиетті Рамазан күндерінде жандарыңыздан табылғаныма қуаныштымын. Ендігі жерде менің есімім – Хамза, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ағасының құрметіне осы есімді таңдадым”,- деді ол шатырға ауызашарда отырған меймандарға толқи тіл қатып.

Ол Ресей аумағында тұрып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған, орыстан, яғни, православ әйелі бар. Ол осы уақытқа дейін католик сенімінде болғанын жасырмады.

“Мен католик мектебін тауысқанмын. Менің сыныптастарым священник болды. Мен Жаратқанға тура жолға салғаны үшін шүкіршілік айтам”,- деді ол.

Оқи отырыңыз:

Нью-Йорктегі қазақ полицей есірткі баронын құрықтағаны үшін марапатталды

Мексикада Трамптың суреті басылған дәретхана қағазы шығарыла бастады

Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды

Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)

Талқылау