Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде жасөспірім қыз ұялы телефон кесірінен көз жұмды

Жасөспірім қыз ұялы телефоны суға құлап кеткен сәтте, ток ұрып қайтыс болған. 14 жастағы қыздың денесін туыстары жуынатын бөлмеден тапқан.

328412

Сурет dni.ru сайтынан алынды

Жас қыз ваннада ұялы телефонының кесірінен көз жұмды. Оқиға Мәскеу қаласындағы пәтерлердің бірінде болған. Тексеру жұмыстарының алдын-ала анықтауы бойынша ол қатты ток соққысынан қайтыс болуы мүмкін.

“Алдын-ала зерттеу бойынша қызға электрожарақат тиген болуы мүмкін. Ол оның ұялы телефоны суға құлап кеткен кезде орын алған. Аталған факті бойынша Мәскеу қалалық тергеу комитеті жұмыс істеп жатыр”, – делінген хабарламада.

Ваннаға құлаған гаджеттің иесіне өлім әкеп тұрғаны бір бұл емес. 2015 жылы осыған ұқсас жағдай Белебее қаласында да болған еді. Таңертең үйіне келген 16 жастағы қыз душ қабылдамақ болады. Оның ұзақ уақыт жоғалып кеткенінен күдіктенген анасы, есікті бұзып ашып кіргенде, қызының денесін тапқан. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, қыз электр тогынан қайтыс болған.

Талқылау