Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеудің қақ ортасында жарылыс болды

Мәскеудегі аялдамада болған жарылысқа байланысты жедел тергеу тобының жұмысына қолайлық үшін қаладағы бірнеше көше жабылды

pic_c2ecd918ac2fe89900fa0d91301ef0eb
 
 7 желтоқсан күні Покровка көшесінің бойындағы №19 үйдің маңында орналасқан аялдамада қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған. Оқиға болған жерге жедел жәрдем және жеде құтқару жасағы жіберілген. Тергеу-жедел тобы жасақталды.

Қазір аялдамада болған жарылыстың себебі анықталып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылғыш затты жолдан өтіп бара жатқан көлік  немесе көп қабатты үйдің терезесінен лақтырылуы мүмкін.

Осы факті бойынша, РФ ҚК 213 бап  “Бұзақылық”  қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар, немесе күдіктілерді іздестірілуде.

Жарылыстан 3 адам жараланды.  Оның бірі 42 жастағы әйел жеңіл-желпі жарақат алып, ауруханаға жатудан бас тартқан. 28 және 29 жастағы екі әйелдің аяқтарына жарылғыштың сынғы тиіп жараланған. Қазір олар ауруханаға жатқызылды.

Негізі жарылыстың күштілігі 50 грамм тротил эквивалентке тең екен.

 

Талқылау