Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қырғыз жігіт 50 жастағы қырғыз әйелді зорлап, видеоға түсірген

Мәскеуде қырғыз ер адам өзінің отандас әйелін зорлап, әрекетті видеоға түсірген. Зорлық кесірінен әйелдің қабырғасы сынған.

v-kieve-sadist-iznasiloval-zhenschinu_1

Бұл туралы Zanoza.kg хабарлайды.

Қырғыз республикасы ІІМ Ресейдегі өкілі Асхат Әлиевтің айтуынша, Ош облысының 1967 жылы туған тұрғыны 10 ақпан күні арыз түсірген. Әйелдің айтуынша, Кеша есімді жас жігіт пәтеріне келіп оны азғын әрекетке мәжбүрлеп зорлаған.

Онымен қоймай, әйелді ұрып екі қабырғасын сындырыпты. Барлық әрекетті ол ұялы телефон камерасына түсіріп тұрыпты. Сондай-ақ, видеоны интернетке таратамын деп қорқытқан. Осыдан соң әрекетін аяқтап оқиға орынынан кетіп қалыпты.

Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көп ұзамай 12 ақпан күні күдікті де ұсталады. Ол 1979 жылы туған Ош облысының тұрғыны екен. Тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз:

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

29 жастағы келіншек ең жас батыр ана атанды

Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды

Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

Талқылау