Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде көз жұмған қазақ қызының анасы: Жаным қатты ауырады

Мәскеудегі ММХҚИ-дің терезесінен құлап мерт болған Томирис Байсафаның анасы жанайқайын жеткізді. Болған жағдайға көндігу керек екенін ақылыммен түсінемін, алайда жаным ауырады, дейді Жанна Ахметова, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәскеуде көз жұмған қазақ қызының анасы: Жаным қатты ауырады

Марқұмның анасы Жанна Ахметова Instаgram желісіндегі парақшасында қызына қатысты естеліктерімен бөлісті.

«Жаныңның дертімен бөліскен кезде, аздап жеңілдеп қаласың дейді. Байқап көрейін. Болған жағдайға көндігу керек екенін ақылыммен түсінемін… Болған жағдайды түсіну. Шындықты қабылдау. Алайда жаным қатты ауырады… Мұны кімге жасауға болатын еді? Кімге… Біз 21 жыл бойы бір-бірімізді жақсы көрдік. Біз бірге өстік, құшақтастық, ММХҚИ-ге түсу түріндегі белесті бағындырғанымызды көрдік, қуандық, армандадық,  өзімізбен мақтандық, теңізді жақсы көрдік, өмір сүрдік…

Менің сүйікті балам, мен тек сенімен бірге тыныстағым келеді… Қазір мен не істеп жүрмін? Мұның бәрі қызымды қайтармайтынын түсінемін. Алайда екінші тараптың «бәріне қауқарлы қолына» қарамастан, қызым туралы естелік жарқын әрі жақсы болуы керек. Қазіргі уақытта қолымнан келетіні тергеу амалдарының әділетті жүргізілуі үшін күресу», – дейді Жанна Ахметова.

Сондай-ақ, Жанна Ахметова ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың қабылдауында болғанын және қазіргі уақытта қызының өліміне қатысты тергеуде өзгерістер болып жатқанын айтты.

«Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Мен ҚР Бас прокуратурасына жүгіндім. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров менің басымдағы жағдайды біліп, жылы қарсы алды және осы мәселені айрықша бақылауға алды. Кездесу нәтижесінде ол РФ Тергеу комитетінің төрағасы А.И.Бастрыкинге хат жолдады. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іске қатысты өзгерістер болып жатыр. Эағдай осындай», -деп жазды Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова.

Сонымен қатар Жанна Ахметова жылы сөздерімен, көмегімен қолдау танытқан жандарға алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы тергеушілер айтқызбаған сұмдық жайттардың шетін ашты.

Талқылау