Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионын өлтіріп кетті

Мәскеу полицейлері Солтүстік Кавказ аумағынан күдіктіні қолға түсірді. Ресейдің ІІМ-нің ресми өкілі Ирина Волктың айтуынша, күдікті Бакуге бет алған ұшақ бортында ұсталды.

8696533

Бұл туралы ТАСС  хабарлайды.

«Шетелдік көлік маңында 29 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол отты қару оғынан мерт болған. Кейіннен оның Солтүстік Кавказ тумасы екені, кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Джабраил Джабраилов екені анықталды», – дейді ол.

Ирина Волктың айтуынша, күдікті спортшының 31 жастағы танысы болып шыққан. Алдын ала болжам бойынша, екеуі көлікпен сауда үйіне жақындап қалғанда арада жанжал туындайды. Қаржы мәселесінде сөзге келіспегендіктен күдікті өзі ұстап жүрген Макаров тапаншасынан оның кеуде тұсынан оқ атады. Кейін ізін жасырады.

Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шеберлерінің тек қана тезірек баюды көздейтіні белгілі болды (видео)

Афины олимпиадасының жүлдегері Сергей Филимонов: Ішімдікті тастадым, спортқа оралсам деймін

Шариғат үкімі бойынша депозитте ақша сақтау дұрыс па

Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)

Талқылау