Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қазақстандық студент қайтыс болды

Мәскеуде М.В. Ломоносов атындағы ЖОО-да білім алып жатқан екі студентті қаққан Skoda Octavia көлігінің иесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оқыс оқиға нәтижесінде қазақстандық студент қайтыс болып, жанындағы қыз ауыр жарақат алған.

789

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

24 ақпан күні М.В. Ломоносов атындағы университетте білім алып жатқан Қазақстан азаматтары 1994 жылғы Ламонов Иван мен 1995 жылғы Сливкина Аннаны қаққан Skoda Octavia көлігіне қарсы қылмыстық іс қозғалды.

784

Сыртқы Істер министрлігі берген ақпаратқа сенсек, қайғылы оқиға 20 ақпан күні болған. Студенттерді Мәскеудегі университет жатақханасына қарама-қарсы, Кравченко көшесіндегі өткіншілер жолында қаққан.

Ламонов соққы алғандықтан есін жимастан Мәскеу емханасында көз жұмды. Сливкинаның жағдайы қанағаттанарлық, оны қазір жалпы палатаға ауыстырылды.

782

Қазір қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ешқайда шықпау қолхатымен жүр.

Талқылау