Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қарауындағы баланы өлтірген күтушінің полицияға берген жауабы көпшілікті шошытты (видео)

Қарауындағы баланы айуандықпен өлтірген Гюльчехра  Бобакулованың тергеу кезіндегі жауабын LifeNews сайты жариялаған болатын.  Әйел өз кінәсін толықтай мойындаған және ондай қадамға не үшін барғанын барынша түсіндіріп беруге тырысқан. Ол өз сөзінде бірінші күйеуімен ажырасқаннан кейін,туыстары оның туған үш баласын  алып қойғаны жайлы жиі айтқан.

 

Әйелдің сөзіне қарап оның үш жыл бұрын Мәскеуге келіп, бала бағып нәпәқасын тауып жүргенін түсінуге болады.  Азаппен өлтірілген қыздың отбасымен келіншекті жақын достары таныстырған. Айуандықпен өлтірілген Настияның ата-анасына Гюльчехра бірден ұнап, келіншек сол үйде екі жылдан атам уақыт жұмыс істеген.

Күтуші әйел өзінің бірінші күйеуімен 12 жыл бірге тұрған. Осыдан он жыл уақыт бұрын олар Өзбекстан жерінде заң бойынша ажырасыпты. Осы оқиғадан кейін әйелдің туыстары одан үш перзентін алып қойыпты.

Бір баласы Гюльчехраның әкесімен тұрады екен. Екінші баласы  бірінші күйеуімен қалған. Үшінші перзентін Гюльчехраның сөзінше күйеуі өз әпкесіне «сыйлап» жіберген.

Әйелдің сөзінше Гюльчехраның өзін екі жақтағы ағайындары біріге отырып, далаға қуыпты. Екі  жыл бұрын Бобокулова өзінің азаматтық некедегі екінші күйеуімен  Мәскеуде танысысқанын айтады.

Оның сөзінше екуі аптасына екі рет кездесіп тұрады екен. Әйел ол азаматтың отбасы барын біле тұра екінші, заңсыз «әйелі» болуға келіскен.  Гюльчехраның азаматтық некедегі күйеуі де Өзбекстан азаматы. Ол төрт ай бұрын өз ауылына кетіпті, содан бері екеуі жолықпаған.

«Мен онымен тек осында кездесетінмін. Бірақ, ол төрт айдан бері жоқ болып кетті. Ол мені екінші әйел етіп алды,өзі бірінші әйелімен тұрады. Менің тура қазір заңды күйеуім жоқ»,- дейді Гюльчехра.

Журналистер  жан түршігерлік оқиғадан кейін Гюльчехра Бобокулованың Өзбекстан жеріндегі тіркелген мекені бойынша полиция бөлімшесі мен ауруханадан ол жайлы мәлімет сұрастырған. Белгілі болғандай әйел 15 жылдан бері «психологиялық ауытқушылығы бойынша» арнайы тіркеуде екен. Оның диагнозы «шизофрения». Әйелдің ата-анасы әсіресе көктем күз айларында оның дерті асқына түсетінін айтып, ауруханаға маусым сайын қыздарын жатқызып тұрады екен. Оның бірінші күйеуімен ажырасуына да осы дерті себеп болыпты.

Есте болса, Гюльчехра Бобокулова қарауындағы қызды 29 ақпан күні айуандықпен өлтірген еді. Ол үй қожайындарының үлкен баласымен кететін уақытын күтіп отырып, ұйықтап жатқан қызды әдейі азаптаған. Ойындағы істі істеп болғаннан кейін өзі қызмет ететін үйді өртеп, «Октябрьское поле» метро станциясына барған. Ол жерде келіншек айналасындағыларға қолында жарылғыш заттың барын, баланы өлтіргенін айқайлап айтқан.

 

Талқылау