Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде “Интерны” және “Универ” сериалдарының актері есірткімен ұсталды

Мәскеу полициясы белгілі актер Дмитрий Бушинді есірткімен ұстап алды.

Безымянный

Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған “Москва” қалалық жаңалықтар агенттігі хабарлайды.

Жеке тінту кезінде полиция 27 жастағы әртістен сегіз грамм мефедрон тапқан.

“Ұсталған адамның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлайды агенттік. Бушиннің әрекетіне қатысты нақты қандай шара қабылданғаны әлі белгісіз.

Еске салсақ, Дмитрий Бушин “Универ”, “Интерны” комедиялық сериалдары арқылы көпшілікке таныс. Сонымен қатар, ол бірқатар жарнамалық роликтерге де түскен.

Оқи отырыңыз:

Шетел азаматы тарауық намазынан соң ислам дінін қабылдады (видео)

Депутат 16 жастағы қызбен интимді хат жазысып ұсталып қалды

Канада премьер-министрі Меркелге түрлі-түсті шұлығын көрсетіп мақтанды

«Бірінші арна» тележүргізушісі қыз зорлады деп айыпталды

Талқылау