Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде бұзылып қалған банкомат жұмыссыз ер адамға жарты миллион рубль шығарып берген

Мәскеуде банкоматтың бұзылып тұрғанын пайдаланып жарты миллион рубль алып кеткен 40 жастағы ер адам ұсталды.

img_4234

Фото: iPress.ua

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлады.

Ресей астанасына Белгород облысынан келген ер адам банкоматтан ақша ұрлаған деп күдікке ілінуде.

“Банкомат күдікті адамға 4 рублдің орнынан 20 мың рубль шығарып берген. Техникалық қателікті пайдаланған ер адам жалпы саны жарты миллион рубль шығарып алған”, – деп хабарлады Мәскеу шығыс әкімшілік округының полиция бөлімшесі.

Банк өкілі полицияға хабарласқаннан кейін, күдіктіні іздеу басталған. Ақша алу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе ол алты жылға дейін сотталуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты

10 жылдан кейін топан судың астында қалуы мүмкін қалалар 

Аса қымбат зат тауып алдыңыз. Сізді ұрлықшы деп айыптамас үшін не істеу керек

Ванга АҚШ-тың соңғы президенті Барак Обама болады деп болжаған

Талқылау