Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнесмен әйел брендтік киімдерді жалған нұсқасына ауыстырып тастаған

Әйел мәскеулік интернет-дүкеннің танымал брендтік киімдерін көшірме нұсқасына ауыстырып тастаған.

444444

Сурет krasivyesovety.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Қазіргі таңда оның әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

29 жастағы әйел алдын-ала базардан танымал маркалардың көшірмесін алып қойған. Сосын түпнұсқа киімдерге интернет арқылы тапсырыс беріпті.

Ұсталған әйел – бірнеше зергерлік салонның иесі екен. Ол тіпті танымал ЦУМ маркетін де тақырға отырғызып кеткен. Ол аталмыш маркеттен миллион рублдің киімін ұрлапты.

Сәуір айында да атақты Dolce & Gabbana туфлиіне қатысты дау шыққан. Онда 54 жастағы мәскеулік әйел 46 мың рубль тұратын аяқ киімге ЦУМ интернет-дүкені арқылы тапсырыс беріп, сосын оны базардағы көшірмесіне айырбастаған.

Талқылау