Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде әйгілі «Такси» фильмінің актерін не үшін ұрып кетті

Актерді ұрған ер адам өз әрекетін түсіндірді.

Ер адам актер Сами Насериді Мәскеудегі “Войс”клубында ұрған. Айтуынша, «Такси» жұлдызы мен оның ағасы ерсі қылықтар көрсеткен.

«Насери клуб қызметкерлеріне көтеріңкі дауыспен сөйлеп, «қолын көтере» бастады», – дейді ол.

Актер ағасымен ғана емес, бір топ досымен жүрген. Барлығы 9 адам болды. Оның екеуі қыз.

Ер адам қонақтардың өзін жоғары ұстап, ақысын төлемей жатқанын көргендіктен іске араласпақ болады.

«Мен оны итеріп жібердім. Сосын төбелесіп кеттік. Ол әкімшімен бірге тұрған. Оны аздап итергендей едім, жұдырық ала жүгірді», – дейді жауап беруші.

Актерге ота жасауға тура келген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау