Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде 8 жасар қазақ қызы “Орыс сұлуы” атанды

 Мәскеудегі сән апталығында «Орыс сұлуы» байқауының финалы  тосын сыйға толы болды. Ұлттық байқаудың бірінің жүлдегері ойламаған жерден 8 жасар қазақ қызы Ақнұр Маратова атанды.

мини-мисс

Бұл туралы dni.ru сайты жазған.

Ол өзімен қатар шыққан 40 бәсекелесін басып озған. Қазылар алқасы Ақнұр киіп шыққан Томирис ханшайымның киімін көріп, ойлары бірден бірінші орынды қазақ қызына беруге түйіскен.

мисс

Қара шашты, қаракөздің Ресейдегі «Орыс сұлуы» байқауының жеңімпазы атанғанына басқа түгілі Ақнұрдың ата-анасы таң қалған.

«Өзіміз таң қалдық. Ол жеңімпаз атанады деп күтпеген едік. Біз бұл сайысқа тәжірибе жинау мақсатында қатысқан болатынбыз. Ойламаған жерден жеңімпаз атанып кеттік. Ол қайдағы орыс сұлуы? Біз-қазақпыз»,-дейді Ақнұрдың анасы Гүлнұр Оспанова.

мисс2

Жеңімпазға диплом, тәж, қаржылай сыйлық сондай-ақ, Ресейде өтетін арулар байқауына жолдама табыс етілді. Еске сала өтсек,  Мәскеудегі сән апталығына оқушылар арасынан «Орыс сұлуы»  атану мақсатында 154 ару қатысқан еді. Сондай-ақ, байқаудың ресми сайтындағы жеңімпаздар тізіміне Ақнұрдың есімі жазылмаған. Бірінші вице-мини-мисс атағының иегері ретінде Волкова Аринаның есімі жазылған.

 

Талқылау