Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу мұсылмандары қаза болған қыздың отбасына арнап ақша жинауда

Мәскеу мұсылмандарының рухани басқармасы қатыгез қастандықтың құрбаны болған төрт жасар қыздың отбасына арнап, қаражат жинастыруды бастап кетті.

сссссс

Сурет РИА Новости

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Жинау шарасы Мәскеудегі мыңға жуық мұсылман қауымы жиналатын жұма намазы сәтінде басталмақ. Барлық қаражат қайтыс болған қыздың отбасына көмекке беріледі. Мұсылмандардың рухани басқармасы бұл акция арқылы “рухани тұтастықты дәріптеп”, Ресей қоғамында болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамайтындығын білдіруді мақсат етуде. Сондай-ақ басқарма, орын алған қылмыстың “ислам атына күйе жағу” әрекетімен байланысты екендігіне де қынжылыс білдірген.

Еске сала кетсек, 29 ақпан күні Өзбекстан азаматы Гүлчехра Бобокулова өзі бала күтушісі болып істейтін үйдің төрт жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Зерттеу нәтижесінде, күдіктінің баланың басын кесіп алып, сосын үйді өртеп кеткені де белгілі болды. Кейін “Октябрьское поле” метро бекетінің қасында қолға түсті.

Әйелді полиция ұстап алды. Мәскеу соты оны 29 сәуірге дейін тұтқынға алды.

Талқылау