Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маска жағып, бетін әрлеген Айқын сынға қалды

Эстрада жұлдыздары, оның ішінде нәзік жанды өнер иелері үшін түр-әлпетінің мінсіз болуы маңызды. Ал жігіттер қауымы әдетте гримге арқа сүйеп жүре беретін. Тек бұл жолы емес.

толепберген

Айқын Төлепберген косметолог қабылдауында болып, бетін тазартып, маска жасатты. Әнші дәрігердің алдында жатқан суретін жариялаудан қымсынбады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Әртістің өмірі оңай емес. Халық алдында жүрсең осы», – деп жазды әншінің өзі. Ал желі қолданушыларының басым бөлігі Айқынды бұл қылығы үшін сынға алды. Олар ер адамға мұндай қылық жараспайтынын айтты. Кейбіреулер бет-әлпетіне түрлі процедура жасатса да, оны ел назарына ұсынбауға кеңес берді. Ал енді біреулер ел алдында жүрген соң, әртістердің өзін-өзі күтіп-баптауы қалыпты нәрсе екенін тілге тиек етті.

Жіберіп алмаңыз:

Домбырашы қазақ жігіт тв-шоуда өзін ұнатып қалған моңғол сұлуына қарсылық білдірді (фото, видео)

Өнер жұлдыздары телехикаяда Дастан Оразбековпен сүйіскен актрисаны сынға алды

Тойдағы флешмоб: Серік Ибрагимов қалыңдығына тосын-сый жасады (видео)

Тамара Асар 20 жыл бойы армандаған арманына қол жеткізді (видео)

Талқылау