Мәсімов студенттерге Сағадиевтің кезінде балмұздақ сатқанын айтты

Жексенбі, 7 Тамыз , 2016 13:27

 

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Жастар бастамалары орталығында студенттермен және жұмысшы жастармен кездесті, – деп хабарлайды Қазақпарат.

мәсімов

Үкімет басшысының кездесуі «сұрақ-жауап» түрінде өтті. Сонымен бірге, сөз сөйлегендер өздерінің жобалары және қоғамдық істері туралы әңгіңмеледі.

Кәрім Мәсімов Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері стартап ауқымында қымыздан балмұздақтың бірегей рецептісін жасағанын естігенде: «Қымыздан балмұздақ?», – деп қайталап сұрады да: «Мұндай да бар ма? Дәмін татып көру керек екен», – деді.

Бұл жоба жайында премьер-министрге оның авторларының бірі Нұрғиза Калимова айтып берді.

Мәсімов жиналғандарға қарата айтқан сөзінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те кезінде стартапшы болып еңбек жолын бастағанын, балмұздақ сатқанын айтты.

“Одан кейін міне министр болып отыр. Сіздер де осылай істей аласыздар…”, – деп атап өтті Мәсімов.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • әділетті Қазақстан says:

    Жарайсын Сағадиев мырза..ен төменнен бастап…вице премер
    Казір не универ бітіре сала әкімшілікте министрлікте

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар