Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімов Ресейден Кейкі батырдың басын қайтаруды сұрады

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзі уәде еткендей, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың мүрделерін елге қайтару туралы мәселені көтерді.

12710524

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Дмитрий Медведев  бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты.

«Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын», – деп жауап берді Медведев Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне.

Саясаткер Айдос Сарымның пікірінше,  премьер-министр Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтару жөнінде жариялап «популизммен ойнап отыр».

«Сайып келгенде Кенесарының басын таба алмайтын секілдіміз. Кейкі батырдың басын қайта қалпына келтіріп, пантеонда сақтауға болады», – деп жазады ол Facebook парақшасында.

«Қазір Кенесары ханның басы дәл қай жерде екенін жөнінде нақты ақпарат жоқ. Деректерге сүйенсек, оның басын кесіп алып Санк-Петербургке алып кеткен. Қазір оның басы жоғалған, сондықтан оны тауып отанға әкелу керек. Тарихшылар барып, Омбы, Оренбург қалаларындағы мұрағатты ақтарып көруі тиіс. Азамат соғысы жылдары – ең қиын кезеңдер. Мұрағат материалдары бар, оларды қарап көру керек», – дейді Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Гүлфира Өтепова.

Бұған дейін Кейкі батырдың бас сүйегі Санк-Петербургтен кунсткамерадан табылған еді. Сенатор Ресейден Кейкі батырдың басын қайтаруды сұраған. Министр: Кейкі батырдың бас сүйегін елге жеткізу бірнеше жылға созылып кетуі ықтимал екенін де жеткізген.

Бұдан бұрын Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен аталмыш жәдігерді қайтару туралы мәселені талқылайтыны туралы өзінің Туиттерінде жазған еді.

Талқылау