Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімов алдағы бірнеше аптада теңге курсы тұрақтанады деп ойлайды

Мәсімов, теңге тепе-теңдік ұстай алатын сәтке жақындап қалды. Ол кезде жағдай реттеліп, үкімет те ұзақ уақыт алдыға болжамдар жасай алады дейді.

8589432

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Теңге курсы тұрақтанатын мезгілге де жақын қалды. Теңгенің өз тепе-теңдігін ұстап қала алуы, алдағы бірнеше аптаның ішінде жүзеге асады, деп ойлайды ҚР премьер-министр Кәрім Мәсімов.

“Біз алдағы уақытта рублдің де, теңгенің де долларға қатысты бағамы қалай өзгерерін байқаймыз. Бірақ, мен бірнеше аптаның көлемінде теңге өз тепе-теңдігін сақтай алады деп ойлаймын. Бұл өте маңызды деп ойлаймын. Тепе-теңдік нүктесіне жеткен кезде, жағдай тұрақтанып, біз де ұзақ уақытқа болжам жасауға мүмкіндік аламыз”, – дейді Мәсімов.

2015 жылы Қазақстанда валюта дәлізі алынып тасталып, теңге еркіндікке жіберілген еді. Сол уақыттан бері екі есе девальвация жүріп өтті. Өткен жылы депозиттерінде доллар жинаған тұлғалар саны 80 пайызға өскен.

Қазақстан қор биржасында теңгенің орташа курсы 383,23 теңгені құраған болатын.

Премьер сондай-ақ, ұлттық валюта курсы дәл қазіргі сәтте екі фактордың аса маңызды рөлге ие екенін айтты.

“Бірінші фактор – мұнай бағасы. Ал екінші фактор – бұл біздің Ресеймен бірге ортақ экономикалық кеңістікте болуымыз. Рубльдің де АҚШ валютасына байланысты құлдырауға ұшырауы бізге әсер етеді”, – деп атап өтті Мәсімов.

“Қазіргі экономикалық дағдарыс, мұнай бағасының құлдырауы, рубльдің де долларға байланысты бағамы ауытқып өзгеріске түсуі біздің ұлттық валютаға да өз әсерін тигізеді”, – дейді үкімет басшысы.

Мәсімов, Қазақстанның Ұлттық банкі ресейлік Орталық банк секілді инфляциялық шектеу саясатына көшкенін айтты.

Талқылау