Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімов Ақтөбеде қаза болғандарға құран бағыштап, дұға жасады

Бүгін Кәрім Мәсімов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге Ақтөбедегі теракт кезінде қаза болғандардың үйіне кіріп, туыстарына көңіл айтты.

дұға-жасады

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Үкімет басшысы облыстағы «Нұр ғасыр» орталық мешітіне барып қаза болғандарға құран бағыштап, дұға жасады.

Есте болса, 5 маусым күні Ақтөбенің орталығындағы қару сататын екі дүкен мен әскери бөлімге шабуыл жасалған еді. Қанды оқиға кезінде әскерилер мен қарапайым тұрғындар опат болды. Олардың ішінде 44 жастағы «Паллада» дүкенінің сатушысы  Андрей максименко, 69 жастағы  зейнеткер Николай  Онищенко, 35 жастағы  Михаил Матросов, 33 жастағы  Мерхан Тәжібаев қаза болған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік террористер ұялы телефон саудасымен айналысқан

Ақтөбедегі террористерге Сириядан үндеу жасалған болуы мүмкін

Террористер Ақтөбеде түрме мен мемлекеттік органдарға шабуылдамақ болған

Ақтөбеде террористер өлтірген Досболдың орындалмаған арманы (фото)

 

Талқылау