Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәселені ашық айтуды сұраған Дариға Назарбаеваның ұсынысына дәрігерлер үнсіз қалды

Дәрігерлер науқастардың санын жасырып, жалған ақпарат таратып келіпті. Емханалар тұрғындардың денсаулығын алдын-ала тексермей-ақ, статистиканы қолдан жасауға әдеттеніп алған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

c8355d8ffb17c04142d25c4b3d2224d5-big

Ақ халаттылардың жылдар бойғы былығын бүгін Дариға Назарбаева жайып салды. Вице-премьер медицина қызметкерлерінен ештеңені жасырмай мәселені ашық айтуды сұраған. Бірақ олар жұмған аузын ашпай үнсіз қалды.

Бүгін Астанадағы 10-шы қалалық емханаға келген тұрғындар аң-таң. Таң атпай дәрігер біткеннің барлығы дәлізге шығып кеткен. Әр жерде әскерилер секілді сап түзеген ақ халаттылар жұртқа зыр жүгіріп, ерекше қызмет көрсетуде. Әдетте ұзын-сонар кезек күтіп, қабылдауға әрең кіретін науқастар дәрігерлердің бүгінгі қамқорлығын түсінбей дал.

Ал, емхана басшылығы тіпті қобалжып, далада жүр. Өйткені, бүгін  премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева Астанадағы әлеуметтік нысандарды аралауға шыққан. Елдің білім мен денсаулық саласына жауапты басты қонақ та келді. Емханадағылар Назарбаеваны ертіп, ең алдымен техникаға толы мына бөлмеге келді. Мұнда операторлар онлайн режимде тұрғындардан қоңырау қабылдайды екен.

Сондай-ақ, астаналық ақ халаттылар жуырда флюорографиядан түбегейлі бас тартпақ. Елордадағы кейбір емханалар қазірдің өзінде туберкулезге сараптаманы қан арқылы жасауға көшкен.

“Кәріс дәрігерлерімен келісіп, жаңа құрылғы орнаттық. Қазір екі емханада туберкулезге қарсы тексеру қан арқылы жүргізеді, – дейді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Эрик Байжүнісов.

Бірнеше сағат емханадаға тек жетістіктерді тыңдап, жалыққан Дариға Назарбаева ақ халаттыларға: «ауруын жасырған өледі» дегенді еске салды.

“Шындықты айтуға қорқамыз. Статистиканы жасырасыздар. Есеп үшін, мәліметті ойдан құрасыздар. Мұның бәрі ашық айтылмаған соң, бюджетті жоспарлағанда ақша да аз бөлінеді”, – ҚР Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева.

Яғни, дәрігерлердің үкіметке жақсы көріну үшін жасаған жалған есебінің кесірінен қаншама науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілмей қалған. Мұның кесірінен өлім-жітім артып кетіпті.

Көрсеткіш қуатын дәрігерлерді сабасына түсірген соң Астанадағы кәсіптік-техникалық колледжге барған Назарбаева болашақ аспаздардың қолынан нан ауыз тиді. Техникалық мамандық бойынша білім алып жатқан студенттермен бірге ұстаздарына да ағылшын тілін үйренуге кеңес берді. Себебі өзге тілдерді оқып-білу  – ұмытшақ ауруының алдын алады екен.

“Жалқау болмайық. Ойбай, қартайып қалдық, тілді үйрене алмаймыз деген әңгімелерді қою керек. Енді тіл біліп,үйренсек, өзіміз миымызды да жаңартып, жақсы болып қаламыз, – дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева.

Студенттерді де бір сілкіп алған вице-премьер ұстаздардан да ағылшын тілін үйрену талап етілетінін айтты. Сондай-ақ, Дариға Назарбаева дәрігерлерге де шұғыл қағазбастылықтан құтылуды жүктеді. Әйтпесе, ақ халаттылар науқасты қабылдауға қарағанда құжат толтыруға көп уақыт жұмсайды.

Талқылау