Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәселе таза ауада жатыр: журналист Алматыдан көшудің арқасында дертінен қалай айыққанын айтып берді 

Қазақ тарихын баяндап, ұмытылып бара жатқан маңызды оқиғалар мен кезеңдерді еске салып отыратын Айжан Хамит Facebook желісіндегі парақшасында таза ауаға қатысты ойымен бөлісті. Журналистің сөзінше, таза ауа оны өкпе дертінен айықтырған. Кезінде Алматыдан көшіп, шекара асуына осы өкпедегі дерті, денсаулығына бей-жай қарай алмайтындығы себепші болған екен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәселе таза ауада жатыр: журналист Алматыдан көшудің арқасында дертінен қалай айыққанын айтып берді "Мен Алматыдан 2006 жылы кетіп бара жатқанда барлығы: "Сен өзі ойыңнан не құрастырып алдың, біздің ауа жақсы", — деп айтқан. Ал менде иллюзия болған жоқ, мен оны көрдім, сездім. Екі өкпем істен шығып, екі апта көлемінде комада жатқанмын. Содан бері өкпе пневмосклерозы деген дертім бар. Жаман ауаны дәл мендей ешкім жақсы сезбейді. Алматыда қалай қиналғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ауруханалардан шықпайтынмын. 

Сарби мені көрген жоқ, сондықтан оны жасанды тамақтандыруға ауыстыруға тура келді. Менің сүтім антибиотиктермен уланып кеткен болатын. Балам өмірге келген соң, екі жарым жыл бойы қиналып шықтым. "Баста" дедім де, жиналып, барар жерім болмаса да қалтамдағы шектеулі ақшамен кетіп қалдым. 

Бастапқы кездері ауырып жүрдім. Тіпті Питерге диагностикаға бардым. Бәрі құрысын, өкпемді алдыртып тастаймын деп ойладым. Бір кезде мен мүлдем ауырмайтын болдым. Ауыруды жай ғана қойдым. Осы қыстың ішінде бірде бір рет суықтаған жоқпын, вирустарды жұқтырмадым. Мен кетіп бара жатқанда мастеркит, психология, өзіңді тап дегендей дүниелерді жазбаған жан болған жоқ. 

Мен өзімді алып кетсем де, өзгерген жоқпын. Бар болғаны ауыруды қойдым. Себебі, мен барлығы таза ауа мен суға байланысты екеніне сенемін. Қазір адамдардың экологиялық апаттар туралы жаңалықтарға қатты мән бермейтінін көріп, қатты аяймын. Ауа, су, барлығына қажет қарапайым заттар. Диктатурадан, экономиканың құлдырауынан және тағы да басқадан өтуге болады. Бірақ жақсы су мен ауаның жоқтығына төзуге болмайды", — дейді Айжан Хамит. 

Алматыдағы ауа мәселесі осы жазбаға дейін қоғам белсенділерімен, қарапайым халықпен бірнеше рет көтерілгендігі белгілі. Оңтүстік астананың ең үлкен кемшілігі ауасы десек, артық айтқанымыз емес. 

РМ 2.5 массалық концентрациясы ауаның сапасын және адам денсаулығына зиянын бағалайтын кілттік параметр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормасы бойынша РМ 2.5 орта жылдық көрсеткіші 10 мкг/м3, ал орта тәуліктік деңгейі 25 мкг/м3 бөлшігінен аспауы тиіс. РМ 2.5 бөлшектері қауіпті және осы қауіп айқындалып келеді. 1990-2010 жылдардың аралығында 3,1 миллион адам РМ 2.5 бөлшектерінен туған дерттердің кесірінен қайтыс болды. 

Өлшенген РМ 2,5 бөлшегінің орташа айлық концентрациясы — 1,4 ПДКсс-ны, ал максималды біріңғай ластану концентрациясы 4,2 ПДК.м.р-ны құрады. РМК "Қазгидрометтің"  мәліметінше, РМ 2,5 концентрациясы СНжЕ нормаларынан 0, 024 рет артып кеткен. Атмосфералық ауаны ластайтын негізігі заттар жылуэнергетикалық, өнеркәсіптік ұйымдардан ғана емес, автротранспорт және отынмен жылытуда (отопление) пайдаланылатын қатты майды дайындайтын жеке секторлардың шығарындысынан да келеді.  

РМК "Қазгидрометтің" ақпараты бойынша, 2018 жылы Алматы қаласында атмосфералық ауаның экстремалдық ластануы байқалмаған. 

 

Талқылау