Мас жүргізушінің кесірінен көлік апаты орын алып, жүкті әйел ауруханаға түсті

Алматыда  Төле би мен Абдуллин көшелерінің қиылысында көлік апаты болды. Мас жүргізуші басқарған автокөлік қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Mark II автокөлігі Төле би бойымен батысқа қарай бағыт алған. Жүргізуші газды басқанда көлік айналып қарсы бағытқа өтіп кеткен. Сөйтіп Toyota Mark II автокөлігі дәл сол уақытта шығысқа қарай келе жатқан Тойота RAV 4 көлігімен соқтысқан. Бұл туралы Sputnik Қазақстан -ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қатты жылдамдықпен қозғалған автокөлік  RAV 4 көлігіне соқтысып, айналып кеткен.

Көлік апаты кезінде Toyota RAV 4 көлігінде болған аяғы ауыр әйел жарақат алаған. Жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша Toyota Mark II жүргізушісі көлікті мас күйінде айдаған.

Оқыс оқиғаның мән-жайын  анықтауды Алматы полициясы қолға алды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әскери қызметкер тікұшақ апатында қаза тапты

Алматыда жантүршігерлік көлік апатынан анасы мен қызы қайтыс болды

ШҚО-да тасқыннан іргетасы үгітілген үйлер құлап жатыр

Астанада өртенген үйден әйел мен кішкентай баланың мәйіті табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар