Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас күйінде 4 адамды қағып өлтірген бай баласына қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте 4 адамның ажалына себепкер болған тағы бір бай баласына үкім кесілді. Мас күйде қымбат көлігін тізгіндеп, жол апатын жасаған Мұрат Танкеев бүгін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, оңтүстіктегі ірі кәсіпкердің ұлы бұл мерзімді түрмеде емес, қоныс колониясында өтейтін болды,-деп хабарлайды ктк арнасы.

тәнкеев

Кесілген үкімге жәбірленуші тарап риза болған жоқ. Көлікті спирттік ішімдік ішіп айдағаны –Танкеевтің жазасын ауырлатқанымен, кінәсін бірден мойындағаны айыбын жеңілдетіпті-міс. Жазасын өтеп болған соң 4 жыл көлік тізгіндеуіне де рұқсат жоқ. Айта кетсек, Мұрат Танкеев былтыр қараша айында мас күйде «Лексусімен» жолдың қарсы бетінде келе жатқан Аудиді соққан.

Салдарынан жеңіл көлік ішіндегі бір үйдің 4 адамы тіл тартпай кеткен еді. Оның екеуі 1 және 5 жастағы балалар. Ол кезде Мұрат Танкеев әкесінің ақшасымен және полиция полковнигі ағасын айтып жазадан құтылам деп басынғаны да есте. Ал үкімге көңілдері толмаған зардап шегуші жақ қайта шағым түсіреміз деп отыр.

«Әділетсіз. Себебі, бала о бастан Танкеев айыбын мойындаған жоқ. Мойындадым деп айтқанымен оның көзінде өкініште, шынымен 4 адам өліп отыр-ау осы 4 адамның несіне мен қайтыс болуына мен кінәлімін деп өзін сезініп тұрған адам емес ол осы жерде. 10 жыл берсе де болар еді»,-дейді жәбірленушінің адвокаты Гүлжазира Мыңбаева.

Бұған дейін мас жүргізушінің жазасын жеңілдету үшін шенді туыстарын араға салып жүргені хабарлаған едік.

Талқылау