Мас күйеуінен қорғанам деп өлтіріп қойған 5 баланың анасы 8 жылға сотталды

Жұма, 28 Сәуір , 2017 22:10

Оңтүстік Қазақстан облысында сегіз жылға сотталған Әлима Үсенованың артында бес бірдей баласы қалды. Өзін қорғамақ болып, ішімдік ішкен күйеуіне пышақ сермеген көпбалалы анаға сот осындай қатаң үкім шығарған,-деп жазды 31 арна.

қорған

Әлеуметтік желілерде жазаға қатысты пікір білдірушілер легі толастар емес. Әсіресе, әйелге жаны ашыған пікірлер жағы басым.

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты күйеуінің жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген 29 жастағы бес баланың анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Мас ерінен қорғанған анаға қатысты жазаны тым ауыр деушілер әлеуметтік желіде пікірлерін жарыса жазуда. Көпшілік істің қайта қаралғаны жөн деп есептейді.

«Сот әділдікпен шешу керек! Бес баланың обалына қалмаңдар, шешесі болмаса олар кімге керек! Осы жынды судың кесірінен талай еркек не істеп не қойғанын білмейді, нәзік әйел жанды ұрып-соғып, қыз баланы зорлап жатады! Босатылсын Алима! Балаларын тәрбиелесін!»,-деп жазған желі қолданушысы.

«Педофилдер, машинамен адам өлтірген байлар, миллиондап пара алғандар босап шығады да, өзін қорғаған жазықсыз әйелге 8 жылды қалай ұялмай берді екен?»,-деген пікірде Қазақстан азаматы.

«Көлікпен адам қаққан Үскеновті босатады да, ал өзін-өзін қорғаған жанды қамайды. Сонда енді қорғануға да болмайтын болды гой? Шартты жаза болса да болатын еді»,- дейді  желі қолданушысы.

Жаңа жылдық кеште қонақтарды күтумен болған ерлі-зайыпты арасында, бәрі тарқаған уақытта кикілжің туындаған. Осы кезде бес баланың анасы Әлима Үсеноваға мас болған ері күш көрсете бастаған. Сөзінше, соққыдан қорғанып, қорлыққа шыдамаған ол күйеуіне пышақ сілтеген. Азамат оқиға орнында қайтыс болып, бес баланың анасына төрт айдан соң қатаң үкіл оқылған.

«Жазаны түзеу колониясының жалпы режимде өтеу белгіленсін. Жазаны өтеу мерзімі 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап есептелсін. Оған қатысты таңдалып алынған бұлтартпау шарасы бұрыңғысынша күзетпен ұстау қалдырылсын»,-дейді ОҚО Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самидин Темірәлиев.

Ал сотталған Әлиманың бес баласының бірі әлі емізулі нәресте екен. Ал үлкені болса,небәрі сегзі жаста.

Оқи отырыңыз:

Мешіттерде жиналған садақа қаржысы бойынша есеп алынады

Садақаны кімдерге берген дұрыс?

Пітір садақасын кімдерге және қалай беруге міндеттеледі?

Берген садақасы өмірін арашалып қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

28
Комментариев
  • Anonymous says:

    Қымбатты соттың құлағына ананы қорғаған сөздер жетсе екен. Балалар үшін жазасын жеңілдету керек.

  • Anonymous says:

    ҚР Әдiлеттi сотынан араша сұраймын!? 5 баланың күнi не болады, араша арша!? Болмаса аздап жеңiлдiк сұраймыз балалары үшiн?

  • Anonymous says:

    Әйелді балаларынан айырып отырған құқық қорғау мекемелерінде істейтіндедің өздері әйелдерге деген көзқарасын осы жаза арқылы ашык білдіріп отыр…. Өйткені, олардың өздері де сондай ғой, оны жасыратын түгі де жоқ!
    Ол әйелдің адвокаты да қорғауға оншалықты құлқы болмаған ғой, өйткені, бәрібір нәтижесінің қандай болатынын алдын ала болжаған болуы керек…

    • Anonymous says:

      Әйелдің жазасын жеңілдету керек. Ол мәжбүрліктен барды.Ешкімнің басына бұны алла бермесін,балаларына анасын ешкім алмастыра алмайды

  • Anonymous says:

    Коргау керек әйелдерді күйеуі жағы сотқа бермесе болды келісім берсе болды емеспе

  • Anonymous says:

    Балалары не болады деп ойладындарма соттаушысымактар

  • Anonymous says:

    Баласы камелетке толганша босатпай ма балдарына обал болды ау онсыз да кангып журген балдар аз емес еди

  • Anonymous says:

    Қорғау керек

  • Anonymous says:

    Судя Ананы Балаларынан айырманыз. Естип журмиз куйеулери пышактап жатыр. Онын касында айел адам коргануга болатын шыгар. Емизули баласын аянызшы.

    • Anonymous says:

      Адам қағып мас болған үсеновты босататын көп балалы немесе мас күиеулерінен қорғанатын ананы қорлаитын біздің заң осындаи ғо оған таң калып керек емес.

  • Anonymous says:

    Құдай ау ОБАЛ гой балаларға

  • Anonymous says:

    халкым корғасыншы осындай адамдарды. айелди

    • Anonymous says:

      Қорғау керек әйелді

      • Anonymous says:

        арақ ішіп отбасының берекесін алғандарға ешнәрсе істемейді қорғанамын деп жазатайым жасалған қылмысқа ауыр жаза берсе біздің елдің заңының да бар болғаны ғой әділдік дейді ненің әділдігі сот өзі әділдікті білмесе

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар