Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас күйінде көлік жүргізген шенеунік Абақов жүргізуші куәлігінен айырылады

ҚР Жоғарғы соты «Нұр Отан» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Абақовқа қатысты әкімшілік іс бойынша бірінші инстанция шешімін өз күшінде қалдырды. Шенеунік мас күйінде автокөлік жүргізген және сол үшін жүргізуші куәлігінен үш жылға айырылады.

абақовввв

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Алматы облысы прокуратурасы шенеуніктің мас болғанына бек сенімді болды және  ҚР Жоғарғы сотына кассациялық наразылық жіберді.

Айта кетейік, Автокөлікшілерге қолдау көрсету қоғамы ғаламторға даулы видеоны жариялаған еді. Онда жол полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген «Нұр Отан» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Абақовты ұстайды.

Сюжетте партия мүшесі құжат сұраған полиция қызметкерлерімен келісімге келуге тырысады. Содан кейін Берік Абақов медициналық тексерістен өтеді, дәрігер оның орташа дәрежеде мас екенін айтады.

Сол видеода Абақовтың мүлдем арақ ішпедім деп бүлік шығарғанын көруге болады. Одан кейін шенеунік өзін видеоға түсірмеуді сұрайды.

Талқылау