Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Сұлтанбай өзін сынағандарға төсек қатынасы дұрыс емес деген диагноз қойды

Тележүргізуші Маржан Сұлтанбай  қазақтағы ырым-тыйымға байланысты ойымен бөлісемін деп басы дауға қалған еді.

маржан-Сұлтанбай

Көпшілік ата-бабасын  “Ғылым дамымай тұрған сәтте надан болған” деп сынаған журналистің өзін қатаң сынның астына алып, Маржан Сұлтанбайдың қылықтарын әңгімелей түскен еді. Желі қолданушылары тұрмысқа шыққан Маржанның жасырып жүрген күйеуіне де тиісе бастаған болатын.

“Ал, діни тақырыпта мен, блондинка, мақала жазала алмаймын. Өйткені, ол үшін арнайы білім болу керек. Сұрақ: мен діни радикалистпін бе? Сол рас болса, онда мен сияқты кең етек көйлек киіп,басына орамал таққан бүкіл Маңғыстаудың əйелдері кіріп кетеді бұл топқа!”,-деп қазақша оюлы киімдер мен орамал таққан келіншектердің суреттерін жариялайды.

Сұлтанбай өзін “радикалист” деп атаған азаматты зерттеп, оның психологиясы дұрыс емес деген қорытындыға келіпті.

“Мен – келінмін! Алғашқы күннен ата-енемнің алдында сидаңдап тобығымды көрсетіп жүрген емеспін, үзбей сəлем етем, қайныларымның атын атамаймын, мега современный болса да, қайын апамның көзінше жалаңбас жүрген емеспін.

“Менің отбасымның өз заңдылықтары мен ережелері бар. В чужой монастырь со своим уставом не ходят” деген. Əркім өзіне, өз отбасына ӨЗІ жауап бередi”,- дейді Маржан Сұлтанбай.

“Анау Жазғышбековна туралы сұрастырсам, өзі əркімге бір қырғидай тиіп-тиісіп, елді түгендеп отыратын адам екен. Психологтардың айтуынша, төсегі – суық, күйеуі жайсыз болса, əйелдер көздері алақ-жұлақ етіп өзгеге тиіскіш, болма алақ-жұлақ етіп өзгеге тиіскіш, болмашыға ашуланғыш, жан-жағын жаман сөзбен жайпағыш боп кетеді. Үйінде береке болмаған соң, әйелдің  жүзі бал – бұл жаныпжүрмейді. Ондай бейшараларды аяу керек…”,- дейді Маржан Сұлтанбай.

Бұған дейін Маржан Сұлтанбайды желі қолданушыларының сынағаны жайлы жазған болатынбыз.

 

Талқылау