Маржан Арапбаеваның “сүйіктісі” өзге қызды ұнатып қалды (видео)

Дүйсенбі, 8 Тамыз , 2016 13:51

Маржан Арапбаеваның жұрт білмейтін сүйіктісі өзге бойжеткенмен көңіл қосты. Алайда шынайы өмірде емес, тек жаңа бейнебаянның сюжетінде.

13741039_1053019888127279_1249513185_n

Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маржан Арапбаева “Сол ма” атты әнге түсірілген жаңа бейнебаянының тұсауын кесті. Аталған туындының жарыққа келуіне клипмейкер Ядгар Насыров атсалысқан екен.

“Достар, “Сол ма?” атты әнге түсірілген бейнебаянымды тамашалаңыздар. Клипмейкер Ядгар Насыровке, стиль мен бетті әрлеген Лидия Андреге алғысым шексіз! Барша командаға рахмет!” – дейді Маржан Арапбаева.

Аталған бейнебаянды 2000-ға жуық адам көріп үлгерсе де, желі қолданушыларының көбісі жағымсыз пікір білдірген. “Қазақ қызы орысқа жабысатындай не көрінді сонша”, “Әнші болып ән айтып жатқан жоқ. Құры айқайлап жатыр ақырып”, “Бейнебаян онша емес. Бейнебаянның бәрінде өртеп жіберуге құмартып тұрады екен. Басқа фантазия жоқ па?”,

“Макияжы жақсы, бірақ көздің үстіндегі томпақ еті артықтау. Музыканың жазылуында жаңғырығы төмен. Студияда емес, бөлмеде жазылған сияқты. Мотоциклде отырған кезде желді ұмытып кеткен бе”, “Бізде бір дені дұрыс жұлдыз жоқ. Қара далап жақсам тартымды көрінемін деп ойлай ма? Меніңше, мұнда далап тек Ділназ Ахмадиеваға жақсы жарасады” дейді олар.

Десе де, арасында әншіні жақтап сөйлеп, туындының сапалы екенін айтқандар да болды. “Бұл азамат жеке тұлға ретінде маған ұнайды”, “Ән де, бейнебаян да өте жоғары деңгейде түсірілген! Жарайсыз!” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Маржан Арапбаева Шымкент қаласын шексіз сүйетінін айтты (видео)

Маржан Арапбаева әлеуметтік желіде бояусыз суретін жариялады және ол үшін еш ұялмайтынын айтты

Арапбаева қалай арықтайтынын көрсетемін деп жұртты шошытты

Арапбаева қызының тұсауын Қарақат Әбілдинаға кестірді

Маржан Арапбаева жұрттан жасырған жолдасын көрсетті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар