Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марста адамның бас сүйегіне ұқсас қаңқа табылған

Басқа планетадан келген артефактілерді зерттеуші Скотт С. Варинга кезекті жұмбақ сурет жариялады.

12-06-16-cherep-3

Бұл туралы News.am хабарлады.

Суретті НАСА Марсқа жасаған экспедициясы кезінде түсіріпті. Онда адамның бас сүйегіне ұқсас қаңқа көрініп тұр. Зерттеуші Скотт С. Варинганың болжамынша, қызыл планетада өмір сүрген баяғы марс адамдарының бас сүйектері осындай болған.

“Бас сүйек үлкен. Ол көлемі жағынан адамның бас сүйегімен шамалас. Мен мұның дулыға екеніне сенбеймін. Дулыға мұрын тұсын дәл осыншалықты дәлдікпен көрсетіп бере алмайды. Оның төменгі желке тұсы да адамның қаңқасына қатты келеді. Марстағы бас сүйек Жердегі адамның бас сүйегінен айнымайды екен”, – дейді Скотт С. Варинга.

Талқылау